Ақтөбелік тігіншілер бетперде жасауға кірісті
Шеберлерге қазір 10 мыңнан астам данасын даярлауға тапсырыс түскен. Айта кету керек, бір тігінші күніне 50-ден астам бетперде даярлай алады. Сондықтан өңірдегі тапшылық жақын күндері жойылуы тиіс. Қорғаныш құралының бұл түрінің тиімділігін санитар мамандар да растап отыр. Тыныс алу мүшелеріне зақым келтіретін көптеген дертке кедергі бола алады. Тағы бір құндылығы: бұл бетперделерді бірнеше мәрте қолдануға да болады.
Ағилә Жанғазиева, облыстық Дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығының төрағасы:
- Дәкеден тігілген бетперделер 6 қабаттан тұрады. Ал мақта мен матадан тігілгендері 2 қабаттан. Оны санитарлық өңдеуден де өткізуге болады. 3 сағат пайдаланғаннан кейін жуып, үтіктеп, қайтадан тағып алуға болады.