Хабар телеарнасы

Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының волонтерлері эко-челлендж бастады

Олар игі бастаманы көршілес жатқан елді мекен жастары да жалғастырады деген сенімде. Қазір «Жас орда» орталығында 250-ге жуық волонтер бар.

Бекқайыр Нығметов, «Жастар» ресурстық орталығының директоры:

- Балқаш қаласының ішіндегі қыс бойы жиналған қоқыстардан, Балқаш көлінің жағалауында жиналған қоқыстардан тазартып, көлімізді жазғы туристік маусымға дайындау үстіндеміз. Осы челленджге көршілес жатқан Тораңғылық, Шұбартүбек ауылдары да атсалысып, Балқаш көлінің жағалауын қоқыстардан тазалауға шақырамыз.