Павлодардағы ірі кәсіпорын медициналық маска тігуге көшті
Нарық сұранысы өндірісті әртараптандыруға міндеттеді. Кәсіпорын негізінен түйіршіктелген полимер бұйымдар, азық-түлікке арналған қаптар шығаратын. Медициналық маска тігуге қажет материалдармен оларды өңірдегі бір реттік стерильді бұйымдар жасау фабрикасы қамтамасыз етті.
Евгения Портнова, тігінші:
- Бізге маска тігуге тапсырыс түсті. Мен өзім күніне 800 дана маска тігемін. Оның еш қиындығы жоқ. Үйреніп алдық.
Жанар Диярова, тігін цехының басшысы:
- Біздің өндірісте жұмсақ контейнерлер тігіледі. Оның сыйымдылығы 1 тонна болатын. Медициналық маска тапшылығы өткір болып тұрған соң, басшылық әкімдікпен бірлесе отырып осындай шешім қабылдады. Төрт ауысымда 20 адамнан жұмыс істейді. Өндірістік қуаттылығымыз әзірге 30 мың масканы құрайды.