Тараздағы бірнеше жатақханада дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді
Бұған «Қарасу» шағын ауданы тұрғындарының өздері бастамашыл болған. 180 пәтерлі аумақта қауіпсіздік шараларын күшейтуді жергілікті билік те қолдап, тегін хлор, маска мен өзге де қажеттіліктерін берген. Аудан тұрғындары болса үй кіреберісін, есіктерді, орындықтар мен балалар алаңқайларын түгелдей тазалап шыққан. Бұл жұмыстарды аптасына бірнеше рет жүргізу жоспарда бар. Қалалық әкімдік мамандары өзгелерге де осы тұрғындардан үлгі алып, залалсыздандыру жұмыстарын күшейтуге және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.
Ғазиз Ералиев, Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
- Денсаулықтың кепілі тазалықта. Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары бірлесіп, кіреберістерін, аулаларын дезинфекциялық ерітінділермен жуып-шайып тұрса, коронавирус инфекциясының алдын алудың ең басты іс-шараларының бірі осы болып саналады.