Коронавирустан емделіп жатқан 7 адамның жағдайы ауыр
Қазір елімізде коронавирус жұқтырған 294 адам тіркелген, орталық 293 пациент туралы дерек ұсына алады. Орталықтың мәліметтері бойынша елде 1 886 адам карантинде, тағы 6 519 адам үй карантинінде жатыр. Олардың ішінде 215 адамның ауру белгілері жеңіл өтіп жатыр, 28 адамның жағдайы орташа ауыр, 7 адамдікі ауыр.
Дәрігерлер 67 адам вирусты шетелде жұқтырып келгенін, 114 адам байланыс арқылы, 103 адам Қазақстанда екенін айтты. Коронавирус ерлерге қарағанда әйелдерде көп анықталған. Инфекция табылғандардың көбі 20-25 жас аралығындағылар – 17 әйел және 8 ер адам. Балалар да бар: бес жасқа дейінгі 3 қыз, 10-15 жастағы екі қыз және бір бала. 60 жастан 65 жасқа дейінгі үш ер адам мен алты науқас әйел қауіп-қатер тобында.