Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Шымкент қаласының медициналық ұйымында 1 адам қайтыс болғаны туралы хабарлай отырып көз жұмған науқастың туыстары мен жақындарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады.
2020 жылы 3 сәуірде Шымкент қаласында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны 1964 жылы туылған ер адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды.
⠀
Артериялық гипертензия мен туберкулездің, қант деңгейінің қалпына келмеуіне байланысты науқастың тыныс алу жеткіліксіздігінің және интоксикация синдромының әсерінен жалпы жағдайы нашар болды.
⠀
Науқас бірінші сәттен бастап өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын. Өткізілген қарқынды терапияға қарамастан 2020 жылдың 5 сәуірінде көз жұмды.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы Қазақстан бойынша 6 науқас коронавирус індетінен көз жұмды.