Бала күтімінде отырған аналарға 42 500 теңге төлем беріледі
Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. «Бала күтімінде отырған әйел адамдарға бала 1 жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ал 1 жылдан асқаннан кейін ол кісілер жұмысқа шығар еді. Бірақ қазіргі төтенше жағдай кезінде ешкім жұмысқа қайта алмайды, жұмысқа шақырмайды. Сондықтан декретте отырған аналар 1 жыл өткеннен кейін 42 500 теңге төлемге үміткер бола алады», – деді министр. Әлеуметтік төлемді 42500.enbek.kz сайтынан қалай рәсімдеуге болатынын мына жерден білуге болады. Сонымен бірге бүгін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруге арналған Telegram-бот іске қосылды.