Хабар телеарнасы

2 млн-ға жуық адамға ТЖ кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге тағайындалды

42500

13 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 3 999 592 азаматтан барлығы 5 094 096 өтініш келіп түсті.

Осылайша 1 094 504 қайталанатын өтінім тіркелді.

* Өтініштерді қарау мерзімінің ұзаруына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет беруді сұраймыз.

42 500 теңге төлемнің тағайындалмау себептері:

- өтінімдердің қайталануы – 1 042 842;

- тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылар (ТЖ енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемегендер) – 521 365;

- өтінім беруші бойынша ТЖ енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘУ/БТЖ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысынан) – 1 053 383;

- жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе бұрыс көрсетілген – 63 222;

- өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген – 378.

Осылайша барлығы ТЖ кезінде табысынан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлем тағайындау Ережесіне қатысты қателер мен сәйкессіздіктер жіберілген 2 681 190 өтінім анықталды.