Алматыда тағы 116 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Олардың ішінде 58-і жақын байланыста болған:
1 — Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері,
110 — Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері,
2 — Жедел медициналық көмек қызметінің қызметкері,
1 — №32 қалалық емхананың қызметкері,
1 — №11 қалалық емхананың қызметкері,
1 — №1 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкері.
Инфекциялық стационарларда 295 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың жетеуінің жағдайы ауыр, 41-інің жағдайы орташа, 247-інің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.
Провизорлық орталықтарда 256 адам бар, олардың ішінде 12-ісі бала, карантиндік оқшаулауда 366, үй карантинінде 7097 адам отыр.
Екі медицина қызметкерінің жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр, қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Барлық байланыста болған адамды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вирусты пациенттер жұқтыруы мүмкін, себебі оларға шұғыл медициналық көмек көрсету тоқтатылмады. Олардың арасында симптомсыз пациенттер болуы мүмкін.
Осы факт бойынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ медициналық қызметкерлерді тексеру бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Сонымен қатар барлық қалалық клиниканың ішінде эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді, қызметкерлер коронавирусқа міндетті түрде тексеріледі.