Елордада «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені карантинге жабылды
Сәйкесінше тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынған. Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, мұнда коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамда COVID-19 індеті анықталды. Тұрғын үй кешені аумағында дезинфекция жұмыстары толығымен жүргізілген. Тұрғындар тек жақын маңдағы дүкендер мен дәріханаларға ғана шыға алады. Ал қоқысты тұрғындар сағат таңғы 9:00 және кешкі 18:00 аралығында пәтерлерінің алдына тастаулары керек. Кейін мамандар оны алып кетеді. Ал жалпы елордада 15 үй карантинге жабылған.