Бұл сұраққа еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Хабар 24» арнасындағы брифингте жауап берді. «Антисептик құрамындағы спирт оразаны бүзбайды. Бұл жағдайда спирт денсаулықты қорғау мақсатында қолданылады. Сол себепті оны қолды зарарсыздандыру үшін қолдану шариғатқа қарсы емес», – деді Бас мүфти.