42 500 теңгені алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ
Төтенше жағдай режимінің 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты екінші әлеуметтік төлем наурызда немесе сәуір айының басында жәрдемақы алған адамдарға беріледі.
Алайда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 20 сәуірден бастап жұмысқа шығып, қайта еңбекақы ала бастайтын азаматтарға аталған төлем аударылмайтынын ескертеміз.