Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие беріледі
Бұл туралы ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Осы мақсатқа 600 млрд теңге бөлінеді. Несие бір жылға дейінгі кредиттеу мерзімімен, 8% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға беріледі», - деді Ш.Ахметов.
Алдағы уақытта да орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында жаңа шаралар енгізілетінін айтып өтті.