Коммуналдық қызметтер үшін төлетін 15 мың теңгеге өтінім беру қашан басталады
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. «Үкімет тарапынан арнайы нұсқау ережесі шықты. Сол ережеге сәйкес қазіргі таңда арнайы штабпен осы мәселені қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар 54 мыңдай адамға коммуналдық төлемге байланысты 15 мың теңгені беру мүмкіндігін жасаудамыз. Қазіргі таңда арнайы электрондық түрдегі жүйені AstanaSmart арқылы жасағымыз келіп отыр», – деді. Өз сөзінде 1-2 күннің ішінде ақпарат құралдары арқылы өтінімдерді қалай беру керектігі хабарланатынын айтып өтті.
Коммуналдық шығын үшін төленетін 15 мың теңге кімдерге берілетінін мына жерден оқуға болады.