Алматы облысында карантин шаралары жеңілдетіледі
Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Алматы облысының аумағындағы карантин және карантин шараларын жеңілдету туралы» қаулысымен келесі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметіне қойылған бірқатар шектеу алынып тасталады:
- Меншік түріне қарамастан медициналық, оның ішінде стоматологиялық ұйымдар;
- Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығы жедел жәрдем қызметтері;
- Зертханалардың барлық түрі;
- Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарының ішінде, көп пәтерлі тұрғын үйлерде;
- Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық;
- Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдық кәсіпорындары: электр энергетикасы, сумен, жылумен жабдықтау, өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер;
- Телекоммуникация және байланыс нысандары;
- Тұқымдарды, көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сататын дүкендер;
- Курьерлік жеткізу кәсіпорындары;
- Өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар;
- Көктемгі егіс, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жол жұмыстарын жүргізуге байланысты ұйымдар;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының байланыс орталықтары;
- Белгіленген жұмыс режимін сақтай отырып автожанармай құю станциялары, ТҚС және көлік жуу қызметтері;
- Жеткізу қызметімен құрылыс материалдары мен тұрмыстық химияны сату кәсіпорындары;
- Мамандандырылған көлік құралдарына қызмет көрсететін компаниялар және ресми такси қызметтері;
- Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар және олардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдар;
- Салттық қызмет көрсету объектілері, зираттар;
- Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;
- Жеке орналасқан пошта байланысының нысандары.