Жаңа заң аясында ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Бүгінде өңірде 737 интернационалист жауынгер бар. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген, түрлі әлеуметтік жеңілдікті пайдаланып келеді. Енді осындай қолдауға азаматтық борышын адал атқарған өзге де азаматтар ие болмақ.
Беркінғали Ғабделов, Ауған соғысы ардагерлерінің БҚО қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
-Тәжік-ауған шекарасында болған жігіттерде бұрын жеңілдік болған жоқ. Қазір оларда бір-екі көлігі болса, қайсысына көбірек төлейтін болса, соны өзі таңдайды. Бір көлікке салық төлемейді. Сосын ай сайын заңда қанша АЕК көрсетілген, сол шотына түсіп тұрады.