Ертіс өңірінде браконьер балықшылармен күрес күшейтілмек
Бұл заңға қайшы. Сол себепті өңірде әккі балықшылармен күрес шаралары күшейтілді.
Кешенді жоспар аясында «Таза су айдыны» акциясы басталды. Жауапты мекеме мамандары өзеннің бойын күл-қоқыс пен браконьерлік аулардан тазартып жатыр.
Сергей Қайыркенов – орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясының маманы. Катерді тізгіндеп, браконьерлермен күресіп жүргеніне 15 жылдан асыпты.
Сергей Қайыркенов, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясының маманы:
- Балықшылардың мәдениеті төмен. Қоқыс тастап, соңынан жинап кетуді білмейді. Олардың осындай әрекетін көріп жүрегіміз ауырады. Браконьерлер тастаған қоқыс өзеннің түбінде жүздеген жылдар бойы жатуы мүмкін.
Инспекторлардың айтуынша, әккі балықшылар ауларын түнгі уақытта салады. Сондықтан олардың қылмыс үстінде ұстау қиын. Былтыр акция барысында өзеннен 16 тонна қоқыс шығарылып, осындай аулардың 14 шақырымы жойылған.
Ертіс өңірінің су айдындарында балық аулауға тыйым салынған. Дегенмен бұл ережені елемей жүргендер баршылық. Браконьелер балық аулауда түрлі құралдарды пайдаланады. Олардың ең қауіптісі – осындай аулар. Мәселен, инспекторлар бірнеше сағаттың ішінде осы құралдың 400-ге жуық метрін тапты.
Серік Апсаликов, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясы бөлім бастығы:
- Қазір біз Қытайдан мынандай ау әкелмесін деп жан-жаққа жазып жатырмыз. Қаладағы ау сататын дүкендерге рейд жүргіземіз.
Облыста балық шаруашылығына қарасты 265 су қоймасы бар. Браконьерлердің заңсыз әрекеті – бұл су аудандары үшін ортақ мәселе. Соңғы 5 жылда заңсыздықтар азайғанмен, мәселе түбегейлі шешілген жоқ.
Өзен төңірегіндегі мәселе осымен тыйылар емес. Соңғы күндері маса мен шыбын-шіркей жұртшылықтың мазасын алған. «Ғалымдар улау жұмыстары тиімділігін көрсетті» деп жар салса да, шағым азаяр емес. Күрес жұмыстары жергілікті билік тарапынан да күмән тудырды. Сондықта дезинсекциялық шараларды күшейтілмек.
Ермек Ғабдуллин, ғылыми топ жетекшісі:
- Химиялық препарат арқылы бекет қоюымыз керек еді. Оң жақ жағалауға қойып үлгердік. Бірақ сол жағалауға адам аяғы баса алмағандықтан, ол жерге тосқауылды қоя алмадық. Сол себептен осындай жағдайға куә болып отырмыз. Оны түбімен жоямыз деп айта алмаймыз. Бұл 3-4 күннің ішінде қалпына келеді.
Ғалымдар 20-ға жуық жерден су сынамаларын алған. Нәтижесінде 1 шаршы метрден 2200 дернәсіл табылған. Улаудан соң көрсеткіш 200-ге төмендеген. «Бұл – жұмыс тиімділігінің 90%», – дейді мамандар.
Алдағы бірнеше күнде қансорғыштардың таралуының екінші кезеңі басталмақ. Бұл – жәндіктердің екінші легі қанатқа тұрады деген сөз. Жұмыс тиімділігін бермесе, мердігерлерге де қаржы төленбейді.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліко, Алексей Омельницкий