Nur Sunqar республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Ал «Телевизия үздігі» номинациясын «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Саламат Омаш жеңіп алды. «Ұшқыр қалам» аталымында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айгүл Халықова көп ішінен дара шықты. Ал «Үнжария» аталымы бойынша «НС» радиосының жүргізушісі Ләззат Әбдіреева үздік деп танылды.
Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен 11-мәрте өткен дәстүрлі байқауға биыл ұзын ырғасы 355 материал келіп түскен. Осы жолы комиссия бірнеше жаңа аталымды енгізген. «Алғы шеп» төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін», «Біз біргеміз», «Партияның «қайта жандануы» сынды жаңа номинациялар пайда болды.
Атап өтейік, әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылғандар арнайы мүсінше мен 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны иеленді.