Павлодар облысының әкімі өңір тұрғындарына үндеу жариялады
Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Құрметті жерлестер! Вирустың барына сенбейтіндер қалмағанына үміттенемін. Сіздердің көпшілігіңіз аймақтағы және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың шынымен шиеленіскеніне куә болып отырсыздар. Қастандық теориясын талқылауға бұдан артық уақыт жоқ. Барлық айыптауды кейінге қалдырайық. Бүгін біздің медицина қызметкерлерімен бірге болып, сана мен ынтымақтастықты көрсететін кез келді. Дәрігерлер бар күштерін салып, жұмыс істеуде. Пневмониямен және жедел респираторлық вирустық инфекциялармен ауыратын науқастардың саны тез өсуде. Провизорлық ауруханалардағы орындар күн сайын көбеюде. Қазір онда 1316 адам ем алып жатыр. Жедел жәрдем күніне 1000-нан астам шақыруларды қабылдайды. Енді елестетіп көріңіз: науқастарды қабылдау мен емдеу арасындағы аз ғана демалыс уақытында дәрігерлер әлеуметтік желілерге кіріп, олардың атына жазылған айыптарды оқиды. Бұл оларды ынталандыра ма? Жоқ. Көптеген медицина қызметкері бірнеше айдан бері туыстарын көрмей, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Олар жерлестердің қолдауына мұқтаж. Медицина қызметкерлеріне мейiрiмдiлiк танытып, оларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», – делінген хабарламада.
Осылайша Әбілқайыр Сқақов біз дәрігерлерге көмектесе алатынымызды айтты.