ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа StopFake интернет-ресурсын іске қосты
StopFake БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.
⠀
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды.
⠀
Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалыққа бағытталған.