Хабар телеарнасы

Коронавирус жұқтыру көрсеткішінің тұрақталуы байқалады

Medkomek

«Соңғы аптада COVID-19 жұқтыру және одан болатын өлім-жітім көрсеткішінің тұрақталу тенденциясы байқалады. Жұқтыру жағдайы тәулігіне шамамен 1500-1600 адамды құрап отыр. Пациенттерге үйінде көмек көрсету мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін 2962 мобильді бригада құрылды. Осы айдың соңына дейін мұндай бригадалардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі. Емханалардағы call-орталықтардың саны 16% артты. Оның жұмысына білікті кеңесші дәрігерлер, фельдшерлер мен медициналық ЖОО студенттері тартылды. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдететін 1958 аппарат бар. Әкімдіктермен бірге қосымша 4183 аппарат сатылып алынуда. Оның 3105-і отандық тауар өндірушілерден алынады. Сонымен бірге 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады. 6237-сі демеушілердің көмегімен қосылғалы отыр», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда мемлекеттік және жеке зертхана тестілеу жұмысына белсенді түрде тартылып, олардың тәуліктік өткізу қуаты 32 мыңға жеткен. Сондай-ақ бір реттік масканың бағасы 28% арзандаған.