ҚР Бас санитар дәрігері: Коронавирустың тәуліктік өсімі төмендеді
«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалуда. Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бері сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5% дейін төмендеді. Тіркелген CОVID-19 жағдайларының жалпы санының 77% астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды (78 633 адам)», – деді.
Сондай-ақ инфекцияның репродуктивті көрсеткіші 2,2 есе, яғни 1,72-ден 0,78-ге дейін төмендеді. Ауруханалардағы төсек-орындармен қамтамасыз ету 64% азайған.
14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның ПТР оң нәтижесімен 101 мың 848 жағдайы тіркелді, бір тәулікте 476 жаңа жағдай. Коронавирустық инфекцияның ПТР теріс нәтижесімен 16 666 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте 934 жағдай.