Елімізде 17 тамызда барлық сауда орталығының жұмысы жанданады
«Сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына рұқсат берілді. Бұған дейін бұл нысандарда тек дәріханалар мен супермаркеттер ғана жұмыс істеп келсе, 17-сінен бастап бутиктердің жұмысына да рұқсат беріледі. Бірақ санитариялық нормалар қатаң сақталуы керек. Біз мұны жіті қадағалайтын боламыз», – деді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОҚК брифингінде.
Сондай-ақ балаларға арналған коррекциялық кабинеттер, ересектер мен балаларға арналған білім беру орталықтары ашылады. Бұл топтарда бес адамнан көп болмауы қажет. Оларға жазылу алдын ала жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, бассейні жоқ моншалар мен сауналар жұмысы қайта жанаданады. Бұған дейін карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.