Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бойынша 18 мың адам жұмысқа орналасты
Сондықтан қолынан іс келетін, бірақ тұрақты жұмыс таппай жүрген мамандарға сұраныс көп.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының игілігін қарапайым жұмысшылар сезініп жатыр. Зәкір Саражов пен Махмұджан Тәжібаев та осыдан төрт ай бұрын жұмысқа тұрды. Қазір мердігер мекемеде қаладағы абаттандыру, көркейту, демалыс орындарын салу сынды құрылыс жұмыстарын істейді.
Закир Саражов, жұмысшы:
- Осы Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына келдім. Жұмыс жоқ екенін түсіндіріп, арыздандым. Бәріне рахмет.
Махмұджан Тәжібаев, жұмысшы:
- Жұмыспен қамту орталығына бардым. Маған осы жұмысты ұсынды. Содан төрт айдан бері жұмыс істеп жатырмыз.
Биыл қала бойынша 226 нысанды қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған. Жарты жылда 50% толық аяқталды.
Гүлзинат Мейірбекова, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы болжау бөлімінің маманы:
- Қала бойынша 26 мың адамды жұмысқа тарту керек болды. Соның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген 50% азаматты жұмыспен қамтып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек болды. Әсіресе ТЖ кезінде жалақы алып, отбасын асырасын деген мақсатта жасалған іс-шара болды.
Мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтар санын қысқарту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Жыл соңына дейін бағдарлама аясында тағы 6 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев