Хабар телеарнасы

Ертіс өңірінде құс тұмауының бірнеше дерегі тіркелді

Еске салайық, бүгінге дейін бұл өңірдің Железин ауданында құс тұмауы таралған еді. Ал соңғы мәліметтер бойынша, аталған ауданда жаңа деректер тіркелген жоқ. Ақтау ауылында да құс тұмауы табылып, тағы сегіз қанатты жойылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, құстарға 18800 екпе салынбақ. Жалпы қанаттылардың саны бұл өңірде 97 мыңға жетеді. Бүгінде ауыл халқы ішінде түсіндіру жұмыстары басталып, дезинфекциялық кедергілер қойылуда.

Қайырбек Әпсәлямов, Тереңкөл ауданы Трофимовка ауылының әкімі:

- Жоғары патогенді құс тұмауы табылды. Қазіргі уақытта аулалардағы қанаттылардың санағы басталды. Жаңақұрылыс ауылдық округінде 5 мыңнан астам құс бар. Ал Трофимовка ауылында 1800 бас бар. Екпе салынды. Қораларда дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Карантиндік шаралар басталып кетті.