Медицина қызметкерлеріне 73,7 млрд теңге берілді
Қыркүйек айында 40 мыңнан астам адамға 10 млрд теңге бөлінген. Қазір өңірлік комиссиялар үстемақы алушылардың тізімін жасап жатыр. Тізім дайын болғанда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ай сайынғы осы ақшаны беруге кіріседі.
Болат Төкежанов, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:
- Тәуекел топтарының тізімі қалыптастырылды. Үстемақылар мөлшері анықталды. Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін құрайды. Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізіп, оған сәйкес көтермелеуге жататын медицина қызметкерлерінің тізбесі кеңейтілді. Жаңа тізбеге мобильдік бригадалардың жұмысына жұмылдырылған дәрігерлер мен мейіргерлер, бастапқы медицианлық қызмет жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ әскери-медициналық, орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының, ҚР ІІМ, ПІБ медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері кірді.