Абайтанушы: Абай жолын сатылап тану керек
Маман оны нақты іс жүзінде жүзеге асырып та жүр. Елордадағы нөмірі №87 мектеп-гимназияда қазір Абайды мектепте оқыту бағдарламасы жасалған. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай бала Абай, ақын Абай, хакім Абай тақырыптарында арнайы танымдық сабақтар өткізіледі. Осы тәжрибе бүгінде қала деңгейінде оң бағасын алып, оны өзге мектептерде оқыту жоспарлануда. Ал Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Абайдың бірлік идеясы қашанда өзекті екендігіне тоқталды.
Алмахан Мұхаметқалиқызы, абайтанушы:
- Бала Абайды танымасақ, ақын Абайды тану қиынға түсіп жүрген кезде мына мақала соған жауап ретінде шықты. «Абайды біз неге бала бойына жасынан сіңіріп өсірмейміз?» деген сұраққа осы мақала жауап болып шықты.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ел бірлігін сақтау жөніндегі Абай идеясын Елбасының таратқан мақаласы дәл осы күндерде жариялануы назар аударарлық құбылыс. Көрші елді тағы да шат-шелекей шырғалаң басталып жатқан кезде Абайдың бірлікке шақырғаны бізге ой салатындай дүние болды.