Хабар телеарнасы

Тәуелсіз сарапшылар Қазақстанның биологиялық қауіпсіздікке қатысты бастамасын қолдайды

Химиялық қару бойынша тәуелсіз сарапшы Ричард Гатри Қасым-Жомарт Тоқаевтың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық агенттік құру идеясына осылайша пікір білдірді.

Қазақстан Президенті ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясында айтқан еді. «Ядролық, иә химиялық сияқты қуатты қаруы бар елдерге қарсы дер кезінде тиісті шара қабылдайтын халықаралық ұйым бар. Ал биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлемдік институт жоқ. Жаһандық өткір мәселені ядролық державалардың бірі көтерсе, қолдау таппасы анық. Ал жойқын қаруды таратпауда, үлкен үлес қосып отырған Қазақстан үшін бұл сәтті қадам», – дейді шетелдік сарапшы.

Ричард Гатри, Химиялық қару бойынша тәуелсіз сарапшы:

Биологиялық ғылымның дамуының аяқ алысы соңғы жылдары әсіресе қарқынды. Бірақ бұл саладағы жетістіктер адамзаттың өзіне таяқ болып тиюі де ғажап емес. Себебі оны теріс пиғылда иемденуге барын салып жатқандар бар. Сондықтан халықаралық бақылауды күшейту қажеттілігі туындап тұр. Қазақстанның осы мәселені шешуде жетекші рөлге ие болуға мүмкіндігі бар.