Шымкент әуежайының сатылымы кейінге шегерілді
Мегаполистің әуе қақпасы өзінің дамуына ақша тауып жатқан жоқ деген желеумен сатылымға шығарылған. Бастапқы құны 5 миллиард 200 миллион теңге деп бекітілді. Жаңа қожайыны терминалды қалпына келтіруден бөлек, арнайы техниканы жаңартып, табысты ұлғайтуы тиіс. Бұл 10 жылда 6 миллиард теңге инвестиция салынады деген сөз.
Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:
– Қазір аэропорт сондай бір айтарлықтай пайда әкеліп жатқан жоқ. Өзінің күнделікті қажеттілігін ғана өтеп отыр. Егер де екінші конкурста тағы да бір ғана өтінім болатын болса, онда біз үшінші рет конкурс жариялауымыз керек. Егер үшінші рет те бір өтінім болса, сол өтінім берген адаммен келісімшартқа отыруға тиістіміз.