СҚО-да көлікті мас күйінде жүргізу фактілері тыйылмай тұр
3-4 күннің ішінде полицейлер 20-дан астам азаматты қолға түсірген. Олардың қатарында осыған дейін көлік тізгіндеу құқығынан айырылғандар да бар. Қазір тәртіп бұзғандардың барлығы уақытша қамауға алынып, темір тұлпарлары айып тұрағына қойылды.
Жалпы жыл басынан бері облыста осындай заң бұзған 851 адам ұсталды. Сәйкесінше мерзіммен салыстырғанда көрсеткіш төмендеген. Себебі биылдан бастап елімізде мас жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды.
Баян Байғаскина, облыстық ПД Жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы:
– Аталған іс-шараның қорытындысына сәйкес облыс бойынша көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 23 жүргізуші ұсталды. Аталған жүргізушілерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жолданды.