Биыл СҚО-ға 2909 квота бөлінді
Оның 207 шетелден келетін қандастарға беріледі. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 3,3 млрд теңге қарастырылған. Көшіп келген отбасының әр мүшесіне 258 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Және баспана сатып алуға сертификат беріледі.
Күнгейдегі ағайындарды қабылдау үшін облыста 176 елді мекен арнайы таңдалған. Жалпы 2015 жылдан бері еліміздің солтүстігіне өзге өңірлерден 15 мыңнан астам адам қоныс аударған екен.
Аман Төрегелдин, облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры:
- Солтүстік Қазақстан өздеріңіз білесіздер, «отрицательное сальдо, миграция», - дейді бізден кетіп жатқан азаматтар көп. Сол себепті жұмыс орындары көптеу болғаннан кейін соған да кісі жетіспей жатыр. Одан басқа жаңа ғимараттар салып жатыр. Емхана болсын, жаңа мектептер салынып жатыр. Соған да мамандар керек болғаннан кейін квотаны көбейткені сол себептен.