Шымкентте 117 медицина қызметкерлеріне үстемақының дұрыс төленбегені анықталды
Талдау барысында сәуір-маусым айларында коронавирусқа қарсы күрес кезінде №1 қалалық клиникалық ауруханасы 62 қызметкерге, ал №2 қалалық ауруханасы 55 медицина маманына үстемақыны төлемегендігі анықталған. Нәтижесінде 46,7 миллион теңге көлеміндегі қарыз өтелді.
Ал құқық бұзушылыққа жол берген төрт лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар бас дәрігердің орынбасарлары мен мекеменің бас есепшілері.
Батыр Ергешов, қалалық Прокуратура басқарма бастығының орынбасары
– Біз бұл құқық бұзушылықты өзіміз талдау жүргізу нәтижесінде анықтадық. Себебі прокуратура органдары назарында осы Covid-19 коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар барысындағы барлық қабылданып жатқан мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс әрекеттерінің заңдылығы жүйелі түрде тұр.