Парламент зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін Заңды қабылдады
Мәселен, азаматтар бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға, емделу үшін және құнды қағаздар сатып алуға жұмсай алады.
Бұған дейін Сенат заң жобасына толықтырулар енгізіп, Мәжіліске қайтарған еді. Ал бүгін Төменгі палата депутаттары енгізген толықтырулармен келісті.