Шымкентте табиғи газ тапшы
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мұны табиғатта кездескен қиындықтарға сілтейді. Арыс өзені арқылы құбыр жіберуге судың ағысы мен түбіндегі тастар кедергі болған. Бүгінгі таңда өзен аңғары өзгертіліп, бұл іске құтқарушылар да жұмылдырылыпты. Құбыр ең кемі 5 метр тереңдікте жатуы керек екен. Осылайша жаңа газ тарату станциясын іске қосу 2021 жылға қалды. Мамандар: «Мұндай күрделі жағдайда асығыстық таныту қажет емес», – дегенді алға тартады.
Нұрлан Жаманкөз, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:
– Жоспар бойынша бізде қараша айында мердігер тапсырамын деп, Шымкент қаласына осындай сыйлық жасаймын, өз есебімнен жасап бітірем деп еді. Бірақ ол біздің жоспарымыз іске аспады. Осыған байланысты енді бекіткен өндірістік кестеге сәйкес, 2021 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, АГРЭС-3-ті іске қосып, тұрғындарға пайдалануға береміз.