Павлодарда аутист балаларға арналған жаңа орталық ашылды
Ауытқуы бар балалардың ой-өрісін және қабілеттілігін арттыратын «Джаспер» кабинеті құрылған. Сонымен қатар балалардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етіп, өзін-өзі ұстау дағдыларын дамытатын арнайы сыныптар бар. Бұл жерде аутист балалар ата-аналарымен бірге екі апталық курстан өтеді. Орталықта жоғары білікті мамандар жұмыс істеп, барлық коррекциялық қызмет тегін көрсетіледі.
Мария Терентьева, Павлодар қаласының тұрғыны:
- Бізде мұндай орталық бар. Бірақ ақылы түрде жұмыс істейді. Мысалы айына 120 мың теңге төлеуге ата-аналардың мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан қол қусырып қарап отырмадық. Шамамыз келгенше балаларды үйретуге тырыстық. Енді міне жаңа орталық ашылып жатыр. Қуанышымызда шек жоқ. Көп нәрсені үйренетін болдық. Мамандар АҚШ-қа барып оқып келеді. Осылайша өз білгендерімен бөліседі.
Марат Айтмағамбетов, қайырымдылық қордың директоры:
- Осы мәселені зерттеп жүрген ұйымның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, әлемде дүние есігін ашқан әрбір 49-шы сәбидің біреуінде аутизм спекторының бұзылуы байқалады. Бір өкініштісі сол, мұндай жағдай жиілеп барады және Қазақстанды айналып өтпеді. Павлодар облысында да мұндай балалар саны аз емес. Сондықтан орталық керек.