Қызылорда облысында жаңа әлеуметтік нысандар өз жұмыстарын бастады
Ұзындығы 82 метр болатын жаңа өткел облыс орталығының сол жағалауын Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізімен жалғайды. Ауқымды құрылысқа бюджеттен 600 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ құны 2,5 млрд теңге болатын бес шақырым сол жағалау жолының құрылысы да аяқталды. Мереке қарсаңында Жалағаш ауданындағы жүз орынды аурухана да іске қосылды. Уақыт талабына сай соңғы үлгіде жабдықталған денсаулық сақтау мекемесінде бес емдеу және екі операция бөлімшесі жұмыс істейді.
Сәбит Пазылов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Біздің жеті ауданымыз да үлкен жол торабында орналасқандықтан, жарақат та кездесіп жатады. Сол үлкен сүйектер сынған кезде жасалатын операциялық бөлім дайындалды және 30 төсектік босану бөлімі бар. Одан басқа паллиативтік көмектің де он төсегі осы жерде халыққа қызмет атқаратын болады.