Екпе ең алдымен мұғалімдерге, тәртіп сақшылары мен дәрігерлерге салынады
Бұл – Алматы қаласындағы эпидемиологиялық көрсеткіш. Бұл бір күнде 100 адам қауіпті індеттің ілмегіне ілінеді деген сөз
Қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин де өз пікірін білдірді. Оның болжауынша, қаңтар айының соңына дейін қалада қауіпті вирус жұқтырғандар саны 4,5 мыңнан асуы ықтимал.
Жалпы ауруға ұшырағандар арасында егде жастағы адамдардың саны басым. Десе де 20-39 жас аралығындағы тұрғындардың коронавирусты жұқтыру жағдайы 35 процентке жеткен. Қаланың Бас санитарлық дәрігері келтірген негізгі дерек осындай. Ал аурудың асқынуына не себеп?
Алмас Садуақас, тілші:
– Алматылықтар рұқсат етілмесе де мерекелік шараларды өткізуден тартынбайды. Адам көп жиналатын сауда-саттық орындарына барып, сақтық шараларын сақтамайды. Қарапайым маска киюді ерен санамайтындар көп. Жалпы қауіпті індет басталғалы бері 19 мыңнан астам алматылық ковидпен ауырған.
Сондай-ақ Жандарбек Бекшин сайлауды өткізуге байланысты қолға алынған санитарлық сақтық шараларын да атап өтті. Осы уақытқа дейін барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің 50 пайызға жуығы ПТР тестіден өткен. Аймақтық сайлау комиссиясының 8 мүшесінен короновирус анықталған. Олар уақытша жұмыстан шеттетілді. Байқаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерін тестілеу ертең де жалғасады. Сондықтан Бас санитарлық дәрігер сақтық шараларын қатаң ұстану керектігін ескертті.
Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері:
– Жұқтыруды төмендету үшін, вирустың таралуын тоқтату үшін бұрынғысынша үй жайларында, ашық ауада да, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.
Сонымен қатар Жандарбек Бекшин қалада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға дайындық барысын баяндады. Екпе ең алдымен мұғалімдерге, тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің өздеріне салынады. Ол қаланың барлық мемлекеттік емханалары мен рұқсат етілген жекеменшік медициналық емдеу мекемелерінде жасалады.
Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов