Ақтөбеде 562 мыңнан астам сайлаушы тіркелді
Тұрғындар санының өсуіне байланысты «Батыс-2» және «Нұр Ақтөбе» мөлтек аудандарында қосымша ғимараттар бекітілген болатын. Жалпы облыста 517 учаске бар. 562 мыңнан астам сайлаушы тіркеліп отыр. Жергілікті халықтың саяси науқанға белсенді атсалысып жатқандығы байқалады. Мәселен, Сәкен Акишев екі ұлымен бірге келген. Егіз балалары сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Сондықтан кәмілет жасына енді толған бозбалаларға үлгі болуды дұрыс деп шешкен.
Сәкен Акишев, қала тұрғыны:
- Әлімізден келгенше сайлаудан қалып жүрген жоқпыз. Сайлаудың барлығына қатысуға тырысамыз. Өйткені ол – өзіміздің болашағымыз. Сондықтан болашағымызға өзіміз қарамасақ, басқа ешкім біздің өз үлесін қоспайды деп ойлаймыз.