Балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағандар үшін берілетін жаза қатаңдатылды
Жаңа өзгерістерге сәйкес енді қылмыскер ең кем дегенде 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұрын ол 15 жыл болатын. Ал ата-анасының, педагог, өгей әкесінің осындай қылмысқа барғаны дәлелденсе, оларға қолданылатын жаза 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма 12-ден 17 жылға дейін болған. Осындай өзгерістер Қылмыстық кодекстің 7-бабына енгізілген. Бұл айтылғандар өткен аптадан бастап заңдық күшіне енді.