Хабар телеарнасы

А.Гуттериш: «Спутник V» БҰҰ миссиясында қолданылуы мүмкін

Бұл екпе БҰҰ миссиясында кеңінен қолданылуы мүмкін. «ТАСС» агенттігіне берген сұхбатында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп мәлімдеді. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник V» екпесін неғұрлым жылдам сертификаттаудан өткізсе деген үмітін білдірді.

БҰҰ бітімгершілік миссиясын жүргізіп жатқан аймақтардағы қызметкерлер мен жергілікті халықты вакцинамен қамтымақ. Алайда олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен екпені ғана қолдана алады.