«Бүгін» бағдарламасы: кейіпкер ретінде келген тұрғын күтпеген жерден баспаналы болды
Арнамыздың эфирінен шығатын «Бүгін» бағдарламасына кейіпкер ретінде келген Гүлзира Төребаева есімді ақтаулық тұрғын студиядан баспаналы болып атанды. Жасы небәрі 34-тегі келіншек асқазан қатерлі ісігіне шалдыққан. Бірақ тағдыр сынағына тап болғанына қарамастан, әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы талай жанға үміт сыйлап жүр. Бағдарлама ұжымы оның осы табандылығы өзге жандарға үлгі болсын деген ниетпен арнайы шақырған болатын. Гүлзираның мүшкіл халінен хабардар болған «Харекет» қайырымдылық қоры бағдарламаға арнайы келіп, оған пәтер кілтін табыстады.
Гүлзира Төребаева, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Менің тіпті ойымда да болған жоқ. Мен тек адамдарды жігерлендіріп, сенбей жатқан адамдарға орныңнан тұр, мен де жүрмін ғой деп айтқым келіп келгенмін. Сондықтан тіпті ойымда болған жоқ. Квартирада жүргеніме 15 жыл болды.
Ақтөре Серікбай, Қайырымдылық қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы ресми өкілі
-Бұл кісіге таң қалдық. Тағдырдың небір сынақтарына сынып қалатын, жазмышқа көніп қалатын отбасыларды көрдік. Бұл кісі өте көңілді, позитивный, мен ауру екенмін деп отырған жоқ, керісінше алға басып отыр. Ойлаймын, бұл кісі қаншама дертке шалдыққан адамдарға мотиватор ретінде үлгі бола алады.