Хабар телеарнасы

Елордада алғаш рет модульдік блоктармен салынған тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Келешекте бұл мерзімді 3 айға дейін қысқарту жоспарда бар. Нысан құрылысымен еліміздің Премьер-министрі танысып шықты. Асқар Мамин алдағы уақытта модульдік құрылысты кеңейту керек екенін айтты. Тың технологияның арқасында тез тұрғызылатын ғимарат климаттық өзгерістерге тәуелді емес.

Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында осындай үлгімен салынған 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал мұндай блоктарды өндіретін кәсіпорынның қуаты 2023 жылға дейін екі есе артады. Айта кетейік, әлем бойынша мұндай зауыттардың саны санаулы ғана.