Елорданың бір топ тұрғыны Елбасына хат жазды
Тұрғындар Тұңғыш Президентке үйлеріне жеткізілген газ үшін алғысын айтып, бейнеттен құтқарғаны үшін ризашылығын білдірген. Бас қаланы газдандыру Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірі еді. Қазір қаладағы төрт тұрғын үй алабындағы 30 мың үй көгілдір отынға қосылған. Кезекте әлі 5 аудан тұр. Биыл Елордадағы бірінші және екінші жылу электр орталықтары мен 19 әлеуметтік нысан газға көшірілмек. Қаланы газдандыру жобасы 2023 жылы толық аяқталмақ.
Заманбек Дүйсенбаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Бұрын баллондар үлкен кісілерге, бізге ауырлау болды. Кейде «газ келді» десе, сенбей жатады. Елбасы: «2008-2009 жылдары газды жеткіземіз», - деп халыққа жететіндей айтты. Жеткізуге де көп күш керек қой. Көп рақмет айтамыз.