Оралдықтар картон сақтайтын жер таппай жатыр
Ал елімізде оны қайта өңдеп, кәдеге жарататын кәсіпорын жоқ. Шикізатты сыртқа апарып тапсыру қып-қызыл шығын. «Өртейік десек, оның түтіні қолқаны қабады», – дейді мамандар.
Батырбек Ықсанов, Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау компаниясының директоры:
- Ресейге өткізейік десек, шекара өткізбейді. Нақ осы картонға рұқсат жоқ. Полигонда өртенбес үшін біздер тек жинап қойып жатырмыз. 300-400 тоннадай тұр.