Ерте піскен қауын-қарбыздың құрамында зиянды заттар шамадан асқан
Себебі ерте піскен қауын-қарбыздың құрамында зиянды заттар шамадан асқан. Мамандар осындай байламға жеміс-жидек пен көкөніс сатылатын сауда нүктелерінде жүргізген тексеріс нәтижесінде келді. Шұғыл зерттеу барысында өнімдердің құрамында нитраттар анықталды. Ал пияз, картоп пен өзге көкөністердегі нитраттар көрсеткіші нормаға сәйкес болып шықты. Мамандар тұрғындарға нитраттардың зияны туралы ескертіп, жемістерді стихиялық нарықтардан сатып алмауға кеңес береді. Себебі бұл нысандар рұқсатсыз сауда жүргізуі мүмкін.
Жібек Қараханова, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:
- Бақша өнімдерінің құрамындағы нитраттың мөлшері екі есе көп. Мәселен, қарбыз үшін норма 60 болса, мұндағы көрсеткіш 128. Ал қауындағы көрсеткіш 138. Бұл өнімдерді тұтынбаған жөн. Нитраттар бала ағзасына аса қауіпті. Ағзада жиналып қалса, ауруға шалдығуы мүмкін. Бүгінгі күні тұрғындардың улану деректері тіркелген жоқ. Дегенмен сақ болған жөн.