Елорданы бірнеше күннен бері түтін басып тұр
Өткен бірнеше тәулікте өңірлерде циклон әсерінен бұлтты ауа райы сақталды. Сонымен қатар ауа ағындары Сібірдегі орман өртінен түтін жамылғысын әкелді. «Атмосфераның беткі қабатындағы ылғалдың жоғары мөлшері ластаушы заттар концентрациясының жану өнімдері мен пайдаланылған газдардың жиналуына қолайлы болды», - дейді мамандар.
Болжам бойынша, 12 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10 градусқа, күндіз 16-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Айта кетейік, Якутияда бір айға жуық уақыт бойы орман өртеніп жатыр. Қазірдің өзінде бір жарым миллион гектар орман өртенген. Өрт ондаған елді мекендерге қауіп төндіріп тұр.