Археологтар: Жанкент қаласының негізі VII ғасырда қаланған
Бұған дейін «IX-XI ғасырда тұрғызылған» деп топшыланған республикалық маңыздағы ескерткіштің тарихы әлдеқайда тереңде екенін археологтар дәлелдеп отыр. Мұнда биыл тек қана археологиялық емес, сонымен қатар жаратылыстану ғылымының әдістері кеңінен пайдаланылып, зерттеу жүргізілген. Ресей, Ұлыбритания, Германия мемлекеттерінің зертханаларында Жанкенттің іргетасы қаланған жыл анықталды. Яғни жер астындағы қаланың қабырғасы 4 рет жаңғырғаны белгілі болды.
Болат Жолтаев, Қазалы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
- Кешегі Қорқыт ата университетіндегі археолог мамандар қаладан мысықтың қолға үйретілгенін тауыпты, яғни мысық иттен бұрын қолға үйретілген екен. Сондықтан қаланың жасы ерте екенін, оның үлкен екенін ол дәлелдеп отыр. Жанкент қаласын зерттеуге қазақтың Әлкей Марғұлан атындағы археология институты да өз еңбегін сіңірді.