Хабар телеарнасы

Pfizer Қазақстанға 8-14 қараша аралығында жеткізіледі

Келісімшартқа сәйкес елге келуі тиіс вакцина көлемі – 4 миллион доза. Бұл 2 миллион адамға жеткілікті. Алғашқы болып екпені 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдер алады. Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасы жүктіліктің 16-шы аптасынан 37-ші аптасына дейін ұсынылған. Осы уақытқа дейін әлем тәжірибесінде 150 мыңға жуық жүкті әйел вакцина алды. Ешбірінде жанама әсер болмаған.

Динара Мырзахметова, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры:

- Екпені жүктіліктің 16 аптасына дейін алған жағдайда не болады деген сұрақ көп туындайды. Егер жүктіліктің алғашқы 12 аптасында вакцинаның бірінші дозасын алатын болса, бұл жүктілікті үзуге себеп емес. Акушер-гинекологтың консультациясынан кейін барлық скринингтен өткеннен кейін екінші компонентті жүктіліктің 16 аптасынан бастап алуға болады.