Хабар телеарнасы

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Болат Ұзақов, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Құрметті ағайын, осындай қиын кездерде менің айтарым: мынау халықтың атын жамылып, алыпқашпа сөздерді таратып, жалған ұрандарды ұрандатып, осындай арандатушылыққа әкеліп жатқан, үлкен арт жағы қайғы-қасіретке айналып, осындай келеңсіз, бейбастық нәрселерге ермесеңіздер екен. Қазақ айтады ғой, «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді. Сондықтан сабыр сақтайық, ағайын. Сабыр сақтап, еліміздің тыныштығы үшін, мемлекетіміздің бүтіндігі үшін ешқандай бір жалған дүниелерге ермей, мына Үкімет басшыларымыздың айтып жатқан ақылдарына, айтып жатқан сөздеріне көмектесейік, үйімізде тыныштық сақтап отырайық, ағайын.