Кеденде тәртіп орнайды
Кеденде тәртіп орнаса, бюджет кірісі артар еді. Өйткені екі ел арасынан өтетін көліктер тексерілмей, баж салығы төленбей жатқан фактілер бар. Бұған Қазақстан мен Қытай кеден органдары берген статистикадағы айырмашылық дәлел. Мәселе ондаған млрд көлеміндегі қаржы туралы болып отыр. Сәйкесінше, Президент Бас прокуратура, Қаржы министрлігі және өзге де мүдделі органдарға кедендегі ашықтықты қамтамасыз етуді жүктеді.
Самат Нұртаза, саясаттанушы:
- Хоргос кеден сауда орталығында жүк көліктері тексерілмейді. Миллиондаған, миллиардтаған тауарға салық төленбей жүр, сөзіме жергілікті халық дәлел болады. Қытай мен Қазақстанның есеп беруінің арасында айырмашылық бар. Сондықтан ол ақша кейбір адамдардың, заңсыз топтардың қалтасына кетіп жатыр.